Cоңғы жаңалықтар
Back

Зорлықпен өлтірілген жас жігіттің денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында зорлықпен өлтірілген 22 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 наурыз күні Бәйтерек ауданы Октябрь ауылында болған.

– Таңғы сағат 08.30-да ауыл маңынан 2001 жылғы жігіттің мүрдесі табылды. Оның денесінде ұрып-соғу белгілері бар. Тиісті сараптама тағайындалды.

Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 2003 жылғы С. және 2005 жылғы Қ. деген кәмелетке толмаған тұрғын анықталып, ұсталды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомстводан.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандық шабандоздар ат жарыстың әлемдік элитасына оралуға ниетті

Отандық медицинасының қызығын орыстың кемпір-шалдары көруде