Cоңғы жаңалықтар
Back

Орыстың миллионерлері ақшасын елден шығарып жатыр

Есеп-шоттарында миллион доллардан астам қаржысы бар ресейлік байшыкештер банктерден ақшасын шығарып жатыр. Frank RG сарапшыларының мәліметінше, 2022 жылы олардың банктегі салымы 20 процентке азайған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олар Ресейге санкция салмаған елдерден жылжымайтын мүлік сатып алып жатыр. Мысалы, Біріккен Араб Әмірлігінен (БАӘ) ресейліктердің сатып алған активтері 800 млрд рубльге жеткен.

Frank RG мәліметінше, орыстар БАӘ, Түркия және Кипрден элиталы үйлерден пәтерлер сатып алған. 2022 жылы аталған елдерден жылжымайтын мүлік сатып алуға бір триллион рубль жұмсаған. Бұдан бөлек салымшылар ақшасын шетел банктеріне және алтынға салғаны да мәлем болды.

Ресейліктер сонымен бірге Қазақстан, Армения, Түркия және Қытай елдеріне ақша шығарған.

Ресейдің Орталық банкінің мәліметінше, 2022 жылы нерезидент банктерге ақша аударым үш есеге – 30 млрд доллардан 79,5 млрд долларға өскен.

Тағы оқыңыз:

Балалар ұшақта тегін ұшады, мемлекет бұған 76 млн теңге бөлген

Сердар Бердімұхамедов гуманитарлық көмек көрсететін бұйрыққа қол қойды