Жүлде қоры 1 млн теңгені құрайтын nFactorial AI CUP!

Dalanews 15 нау. 2023 14:07 190

nFactorial School 7-9 сәуір аралығында генеративті жасанды интеллект бойынша алғашқы хакатон өткізеді.

Хакатонға барлық жасампаз бағдарламашылар мен бағдарламалау негіздерін білетін оқушылар мен студенттерді шақырамыз.

2 трек бойынша қатысуға болады:

1) app track - генеративті жасанды интеллектті қолданып, пайдалы веб немесе мобильді қосымша жасау керек; 2) game track - белігілі бір танымал ойында жеңіске жету үшін алгоритм жазу керек (ойынның атйын хакатон кезінде жариялаймыз).

Плей-офф кезеңінде біз барлық боттарды жарыстырамыз, яғни сіздің ботыңыз басқа қатысушылардың боттарына қарсы шығады.



Хакатонның басында біз OpenAI API-ді қалай қолдануға болатындығы туралы дәрістер өткізіп, қандай қосымша жасауға болатындығы жайлы идеялармен бөлісеміз.

Өтетін күні және уақыты: 18:00, 7 сәуір (жұма) - 18:00, 9 сәуір (жексенбі)
Өтетін орны: Satbayev University, Алматы қ.
Өтініш беру: https://form.typeform.com/to/HcCVJFgQ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x