"Қазақша ән айтқызбаған". Алматы тұрғындары "Пинта" барына байкот жариялады

Dalanews 15 нау. 2023 10:45 157

Алматылықтар "Пинта" барларына бойкот жариялады. Өйткені бар өз концепциясына сай музыканттарға қазақша ән айтуға мүлдем рұқсат бермеген, – деп хабарлайды Dala Inside арнасы.

Қазақстанда бизнес жүргізіп, оның мемлекеттік тіліне тиым салу моральді тұрғыдан қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды.

Алматылықтар "Пинтаны" қазақша ән айтуға мәжбүрлей алмайды. Бірақ енді оған бармауға да толық құқылы.

Заң бойынша ресторан, кафе, барларда ас мәзірі, көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде болуы міндетті.

Бірақ қазақша ән айтылсын деген талап жоқ. Ия, "Пинта" заңды бұзбады. Бірақ, алматылықтарды ренжіткен сияқты.

Алматы халқы жаппай бойкотты орындаса, "Пинтаның" қаржылық кірісі төмендейтіні анық.


Бойкоттың бизнеске әсерін "Choco Family" жақсы сезінді. Тәуелсіз сарапшылар есебінше, 2022 жылдың төртінші тоқсанында оның тоқсандық выручкасы 45%-ға құлдыраған.

Бойкоттан Рамиль Мухоряповтың бизнесі шамамен 120 миллион теңге жоғалтты.

"Пинта" дисконттық бизнес түріне жатады. Яғни, бағасы арзан, ал табысты желілік жүйеде, көп бар ашу арқылы табады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x