Cоңғы жаңалықтар
Back

Бердімұхамедовтер той жасап, тұтас қалада жүріп-тұру тоқтаған

Түркіменстан президенті Сардар Бердімұхамедовтің 21 жастағы ұлы Керімгулының үйлену тойы қарсаңында Аваза қаласында көлік қозғалыс шектелді.

“11 наурызда Түркіменбашыға қарай ешқандай жолаушылар автобусы жүрмеді. Таксилер қозғалысы да тоқтады. Пойыздар да уақытша тоқтаған. Қалаға кіретін жолдар толық жабылды”, – деп хабарлады Түркіменбашы тұрғыны.

Сенбі күні қала толық гүлдермен безендірілді. 11 наурыз күні “Елкен” мейрамханасында Бердімұхамедовтар әулетінде той болды.

Түркіменстанның экс-президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтің немересі, қазіргі президенттің ұлының үйлену тойы өтті.

Оған Түркіменстанның өнер жұлдыздары қатысқан. Бұл шарада Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтің немересіне арнап жазған жаңа әні де орындалған.

Былтыр президент Сердар мен ұлы Керимғұлы екеуінің Меккеге бірге барған видеосын мемлекеттік арналар көрсеткен.

Тағы оқыңыз:

Тасмағамбетовтен қайыр жоқ, ол Назарбаевтың көп сарбазының бірі – Дос Көшім