Мүфти биылғы пітір садақасының көлемін жария етті

Dalanews 15 нау. 2023 02:05 294

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл пітір садақасының көлемі 535 теңгені құрайтынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

– Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге болады, – деді Бас мүфти.

Оның атап өтуінше, шариғатымыз бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз.

– Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы жарамайтын адамдар дертінің асқынуынан қауіптенсе ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғатымыз рұқсат береді.


Сондай-ақ, жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге де уақытша ораза ұстамауға болады, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске салсақ биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады.

Қасиетті Қадір түні – 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн.

Ал 21 сәуір – Ораза айттың бірінші күні.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x