AMANAT: Алматы облысында өндіріс орындарын көбейтіп, жер мәселесін шешеміз

Dalanews 02 нау. 2023 10:34 302

Алматы облысы республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 8,9 пайызын өндіреді. Бүгінде өңір халқының 84,3 пайызы ауылдық жерді мекендейді. Десек те, аймақта 1,4 млн гектар жайылым жер тапшылығы бар. Мұнымен қоса, су шаруашылығы нысандарының 70 пайызы тозған. Ал, саладағы техниканың тозуы 65 пайызға жетіп отыр.

Осындай өзекті мәселелердің түйінін шешіп, түйткілін тарқатуға «AMANAT» партиясы білек сыбана кірісуде. Өйткені, саладағы проблемалардың шешімі сайлауалды бағдарламасында айтылған. Нақты істер мен жаңа жобалар партияның Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депуттағына кандидат Дәулет Жарасбаевтың Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездесуде айтылды.

Оның айтуынша, партиясы облыстағы аграрлық саланы қолдауға және дамытуға жан-жақты іс-шараларды жүзеге асырады. Суару жүйелерін жаңғыртып, техникаларды жаңартпақ.



–  «AMANAT» – нақты істердің партиясы. Біздің алдымызда халықтың сенімі, аманаты тұр. Сондықтан, бұған дейінгі қоғамдық қабылдауларда жиылған проблемаларды шешуге күш саламыз. 2027 жылға дейінгі бағдарламамызда өндіріс орындарын көбейтіп, жер мәселесін шешеміз. Ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы шеңберінде несие беріп, табысын арттыруға күш саламыз. 260 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекеттің меншігіне қайтарылады, − деді кездесуде Дәулет Жарасбаев.


Жиын барысында кандидат тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді сұрап, тұшымды жауап берді. Өз кезегінде қатысушылар партияның бастамаларына разылығын білдіріп, әрқашан «AMANAT» партиясының қолдаушысы боларын айтты.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x