Қазақстанда АЭС салу бойынша халықаралық сарапшылар миссиясы басталды

Dalanews 28 ақп. 2023 05:55 258

АЭХА өкілдері мен сыртқы халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде  АЭС салу жөніндегі сарапшылар миссиясы басталды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

АЭХА миссиясы 2023 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады.

Айта кету керек, АЭХА-ның «Ядролық энергетиканың ұлттық инфрақұрылымын дамыту кезеңдері» бағдарламасы ядролық-энергетикалық бағдарламаны жүзеге асырудың негіздемесі мен стратегиясын қамтиды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x