КӨЛІК САУДАСЫ ҚЫЗЫП ТҰР

Dalanews 19 қаң. 2015 06:42 377

Рубль құлдырғалы бері көрші елден көлік алып жатқандардың саны артып келеді. 

Соңғы екі айда қазақстандықтар Ресейден 22 мың темір тұлпар сатып алыпты.  Бір Астананың өзіне осы аралықта әкелінген көліктердің саны 3 мыңнан асып жығылған. Ел тұрғындары әсіресе: Lada, Toyota, Hyundai, KIA, Renault, Chevrolet сияқты көліктерге қызығушылық танытқан екен. Ал сатып алынған көліктердің дені 2008-2014 аралығында құрастырылған. Ал осы көліктердің қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеу барысында Қазақстанның  қазынасына түскен қаржы 4 миллиард 88 миллион 973 мың теңгені құрады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x