Cоңғы жаңалықтар
Back

Заңсыз алтын өңдеу цехы анықталды

Мойынқұм ауданы  полиция бөлімінің  криминалдық полиция  қызметкерлері Ақбақай ауылында орналасқан жекеменшік үйдің қосалқы шаруашылығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында бағалы металдары бар шикізатты заңсыз өңдеу жұмыстарын жүргізетін шағын цехты  анықтады.

Тексеру кезінде қолдан жасалған ұсатқыш, сынапқа ұқсас сұйықтығы бар 3 пластикалық бөтелке, азот қышқылы бар канистр, жалпы салмағы 116 келі болатын ішінде алтынды кені  бар 2 қап табылды және тәркіленді.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 28 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрдегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал анықталуда. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.