Cоңғы жаңалықтар
Back

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді – Үкімет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Түркияға  қосымша гуманитарлық көмек жіберді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.

Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.

Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Түркияға қолдау көрсетуде.