Еуразиялық Одақ: 3 жылда Путиннің көңіліне қарап, 15 млрд теңге шығынға баттық

Dalanews 13 ақп. 2023 05:48 330

Еуразиялық Одақта ештеңе өзгертпесек, түбі Батыс санкциясына ұшырайтын боламыз, – деп жазады DALA INSIDE Телегармм каналы.

Кедендік пошлина бойынша Қазақстан Еуразиялық одақтың ескі нормативтерін пайдаланады.

Пошлинаның 85,06 пайызын Ресей алады. Ал Қазақстанның үлесі бар-жоғы 6,95 пайыз. Ал бұл – санкциялардан кейінгі Ресейдің импорттық картинасына мүлде сәйкес келмейді.

Қазақстан өз үлесінің кем дегенде екі есеге өсуін талап етуі тиіс. Ал Бақытжан Сағынтаев Мәскеудегі экономикалық комиссияда бір рет те "мяу" деген көрген емеспіз.

2015 жылы Евразиялық одақ пошлинасы бөлініске салынғанда, Қазақстанның үлесі 7,11% деп бекітілген еді. 2019 жылы өзінде импортті көбейткен Беларусь бірден мәселе көтеріп, Қазақстан мен Ресей есебінен өзіне 0,7% қосып алды. Соның салдарынан біздің үлес одан да төмендеп, 6,95 пайызға барып тоқтады.


Экономисттердің есебінше, біздің делегацияның сол кезде солқылдақтық танытқандығынан мемлекеттік бюджетіміз 2020 жылы 4,6 миллиард теңге, 2021 жылы 4,9 миллиард теңге, 2022 жылы 5,2 миллиард теңге жоғалтқан.

Қазақстан 2022 жылдың қорытындысы бойынша осы квоталарды қайта қарауды көтеруі тиіс болатын.

Ресей қазір ресми импортты санкцияға дейінгідей қабылдамайды. Оның импорт көлемі 2 есеге түскен. Керісінше, паралелльді импорт бойынша Қазақстан арқылы баратын тауарлары көбейген.

Бірақ ол тауар ресми Қазақстанға кірді деп есептеледі. Сондықтан біздің қазіргі 6,95 пайыз үлесіміз Ресейдің есебінен 14%-ға көтерілуі тиіс.

Мысалы, 2021 жылы Ресейдің сыртқы сауда айналымы Ресей Банкінің мәліметі бойынша 798 миллиард долларды құрады.

Оның ішіндегі импорты 303,9 миллиард доллар болды. Ал 2022 жылы олар өз статистикасын құпияда ұстай бастады.

Бірақ БҰҰ Сауда деректер базасының мәліметтері бойынша, 2022 жылдың алғашқы 10 айында Ресейдің импорты 2021 жылмен салыстырғанда 51,5%-ға төмендеген.


Демек, осы пропорция өзгермесе, онда біз Батыс алдында Ресейді параллельді импортпен қамтамасыз етіп отырғанымызды ашық мойындадық деген сөз.

Онда алдағы күзде Еуропарламентте бізге де санкция салу бойынша бастама көтерілетінін болжауға болады.

 

Қаржы-экономика саласына қатысты сараптамалық материалдарды төмендегі сілтемеден оқи аласыздар.?

Dala Inside

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x