Қазақша мәзір сұрағандарды "фашист" деп айыптаған дәмхана басшылығы кешірім сұрады

Dalanews 07 ақп. 2023 08:32 305

Бүгін қазақша мәзір сұрағандарды "фашист" деп айыптаған дәмхана басшылығы кешірім сұрады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Құрметті "Динара" кафесінің қонақтары!

Менің тарапымнан болған түсініспеушілік пен айтылған сөздерім үшін кешірім сұраймын. Істеген әрекетімді ақтап алатын еш себеп жоқ екенін түсінемін және сол үшін қатты өкінемін. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды деп уәде беремін! – делінген бейнежазбада.

Қызметкеріміздің теріс қылығы мен айтқан сөзі үшін кешірім сұраймыз, оған қатысты тиіс шара қолданамыз.


Бізде екі тілде қызмет көрсетіледі. Осы оқиғадан бір апта бұрын ас мәзірін екі тілде дайындауға баспаға тапсырыс берілген болатын. Дәлел ретінде тапсырыс берген баспаға тиісті мәліметтерді ұсына аламыз", – деді кафе басшылығының жазбаша түсініктемесінде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x