Батыс елдері алғашқы кезеңде Украинаға 140 танк жеткізеді
Путиннің Украианаға жасаған агрессиясына қарсылық танытқан Батыс елдері алдағы уақытта Украинаның қарулы күштеріне заманауи 140 танк жеткізбекші. Мұны Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлім етті.
Дмитрий Кулебаның айтуынша, коалицияға мүше 12 ел Украианға танк жеткізуге келісімдерін берген. Бірақ ол қай елдер екенін атаған жоқ.
– Бірінші кезекте Батыс елдерінен біздің Қарулы күштерімізге 120-140 танк келетін болады. Олар – Leopard 2, Challenger 2, M1 Abrams және Францияның Leclerc танкілері, – деді Дмитрий Кулеба.
Өз кезегінде Дмитрий Кулеба алдағы уақытта Укрианаға танк жеткізетін елдердің қатарын арттыру үшін жұмыс істей беретіндерін де айтты.
Тағы оқыңыз:
Ресейлік компания Абай облысында мыс игермек: Ұранхаев мұны білмейтін болып шықты
Моншадағы әңгіме. Кеңес заманын еске салатын естеліктер жау шақыратынын ұмытпайық!