Үш ұл

Dalanews 26 ақп. 2023 05:33 346

(Ненец ертегісі)

Ертеде бір жарлы әйел болыпты. Оның үш ұлы бар екен. Уақыт өте келе ұлдары күшті де қайратты болып өсіпті. Ал әйелді кәрілік мендепті.

– Сендердін өз бақыттарынды іздейтін кездерін келді. «Ізденген жетер мұратқа» деген. Іздемесендер, бақыт өздігінен келмейді, – депті әйел бірде ұлдарына.

Әуелі тұңғышы жолға жиналыпты. Анасы оған көмбе нан пісіріп беріп тұрып:

– Осы нанды жеген сайын күшіне күш қосылады, – депті.

Үлкен ұл жолға шығыпты. Жүре-жүре қарны ашыпты. Нанды қолына алғанымен, ауыз да тимепті. Нан қатып қалған екен. Ашу қысқан ұл нандарын жолға атып, ұрып әрі қарай жүріп кетіпті.

Бір кезде алдынан күрке  көрініпті. Жакындап келгенде ит үріпті. Ізінше күркеден белі бүкірейген кемпір шығып:

– Күркеге кір. Қарнын ашқан болар, – депті. Жас жігітті тамаққа тойғызыпты:

– Бақытыңды осы жерден таба аласың. Жақын жерде бір шұңқыр бар. Түн болғанда сол шұңқырға бар. Шұңқырдан самсаған жұлдыздарды көресің. Бәрін түгел шығарып алсаң, іздеген бақытынның табылғаны, – дейді.

– Оның қиындығы жоқ екен, – дейді жас жігіт. Айналаны қараңғылық тұмшалап, көз байланган кезде, шелек, арқан алып, шұңқырға келіп, іске кірісіпті.

Шұңқырдан жұлдыздарды шығарамақ болып жігіт әбден титыктапты. Шұңқырға қайта үңілсе, жұлдыздар бұрынғысынша самаладай жарқырап тұр екен. Азаятын түрі көрінбепті.

«Мені тәлкек еткен екен ку кемпір. Жұлдыздарды түгел шығарып алу тіпті де мүмкін емес кой!» деп ашуланыпты жас жігіт.

Содан соң шелегін жерге атып ұрып, күркеге, кемпірге бармай, үйіне қайтып оралыпты. Анасы басын шайқағаны болмаса, тырс деп үн катпапты.

Бақытын іздеу кезегі оpтаншы ұлына келіпті. Ол ұзақ жол жүріп, әбден ашығыпты. Анасы пісіріп берген нанын дорбадан алыпты. Бірақ нан оған да ұнамапты. Қатып қалған екен. Ол да нандарын жолда калдырып, әрі қарай жүріп кетіпті. Бір кезде кішкентай күрке көріп, баягы кемпірге келіпті. Кемпір оны тамаққа тойдырып:

– Бақытыңды осы жерден табасың. Тек ағаңа ұқсап жүрме, – деп ескертіпті.

Жас жігіт түнде шұңқырға келіпті. Ішінен самаладай жарқыраған жұлдыздарды көріпті. Шелегін салып, жұлдыздарды шығара бастапты. Дем алмай ұзақ жұмыс істеген соң, белі сырқырап, әбден шаршапты. Шұңқырға қараса, жұлдыздар бұрынғысынша самсап тұр екен.

– Ағама ұқсатып мені де мазак еткен екен ку кемпір. Бүкіл жұлдызды бір түнде сарқып шығарып алу тіпті де мүмкін eмec кой! – деп ашуланып, шелекті жайына калдырып, үйіне кайтыпты.

Анасы басын шайқағаны болмаса, оған да ештеңе дей қоймапты. Енді бакытын іздеп, кенже ұлы жолға шығыпты.

– Еңбектен жалықпа. Табанды бола біл, ұлым, – депті анасы оған.

Жас жігіт ұзақ жүріпті. Жүрегі сазыпты. Дорбасынан анасы пісіріп берген нанды алыпты. Нан қатып қалған екен. Бірақ ол тастамай, жей бастапты. Сәл жеген соң, қалғанын кейін жермін деп, дорбасына қайтып салып, әрі қарай жүріп кетіпті.

Күн еңкейген кезде кішкентай күркеге келіп жетіпті. Ит үріп, ізінше іштен кемпір шығыпты. Жас жігітті ішке ертіп кіріп, тамақ ұсыныпты. Бірақ жігіт ұсынған тамақтан бас тартыпты.

– Рақмет. Жейтін наным бар. Жолға деп анам пісіріп беріп еді, – деп, дорбасынан өз нанын алып жей бастапты. Кенже ұл қас қарайып, көз байлана бастағаннан-ақ іске кірісіпті. Өлген-тірілгеніне қарамай, шелегін шұңқырға сала беріпті, сала беріпті. Тер одан да кетіпті, бұдан да кетіпті. Бірақ шұңқырдағы жарқыраған жұлдыздардын азаяр түрі көрінбепті.

Жас жігіт тыным таппапты. Екі қолы талып, белі талып, арқасы қанша сырқыраса да, жұмысын тастап кетпей, жұлдыздарды тартып шығара беріпті, шығара беріпті.

Кенет шелегі катты бірдене тиіпті. Шұңқырға үңіліп караса, ішінде бір тамшы су калмапты. Жұлдыздар да ғайып болыпты.

Таң атыпты. Күн көкке көтеріліп, жер бетін алтын нұрына белепті.

Әбден титықтап, шаршаған жігіт шұңқырдың жиегінде демалып тұрыпты. Қолға алган жұмысын аяқтап, өзін бақыт құшағында тұрғандай сезініпті.

– Сен үлкен іс тындырдың, жас жігіт, – депті оған кемпір. Шұңқырдың түбінде, су астында қаскөй Нылеканын жүрегі сақтаулы еді. Міне, күн нұры оны өртеп жіберді. Нылеканың күні бітті, ғайып болды. Енді онын бар қонысы, табын-табын бұғылары сенікі.

Кенже ұлдың кеудесін куаныш кернепті. Барлық жарлы-жақыбайларды жинап, қоныстар мен бұғыларды бөліп беріпті. Жарлы-жақыбайлардың арасында өз анасы да бар екен.

Кенже ұлы анасына шексіз риза көңілмен сүйсіне қарап тұрыпты. Қалай дегенде де енбек сүйгіштікке, төзімділікке, табандылыққа үйреткен анасы ғой.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x