Kaspi.kz – 2022 жылғы депозит өсімі бойынша №1

Dalanews 30 қаң. 2023 06:05 290

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халықтың Kaspi.kz-тегі депозитінің жалпы көлемі 3 трлн 395 млрд теңгеден асты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Kaspi банк бар-жоғы бір жылдың ішінде қазақстандықтар жинақ ақшасын 895,2 млрд теңгеге көбейтті. Бұл Қазақстандағы барлық банктердің жылдық өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

– Сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс! Біз клиенттеріміздің сеніміне үлкен жауапкершілікпен қараймыз және күткеніңізден асып, ары қарай технологиялық және инновациялық сервистерімізбен қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Kaspi.kz басшысы.


Қазақстандағы ең танымал Kaspi Депозитті Kaspi.kz мобильді қосымшасында санаулы ғана секундта ашуға болады. Салымның ең аз сомасы бар-жоғы 1 мың теңгені немесе $10 құрайды. Тиімді сыйақы мөлшерлемесі – теңгемен жылдық 15% және АҚШ долларымен 1%.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x