Cоңғы жаңалықтар
Back

Түркия үш бірдей фрегаттың құрылысын жүргізуде

Түркия билігі елдің қорғаныстық қабілетін арттыру үшін бір сәтте үш бірдей әскери кеме, яғни, фрегаттың құрылысын жүргізуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әскери фрегаттардың құрылысын жекеменшік верфьте (кеме құрылысын жүргізетін орын) жүргізуде

Түркия жерінде орналасқан верфьте қазір І класты İstanbul фрегатының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар қалған екі фрегаттың құрылыс алаңы дайындалуды. Олар да І класты фрегат болатынын айта кетуіміз керек.

Түркияның Қорғаныс өнеркәсбі басқармасының басшысы Исмаил Демир мырза «Анадолы» ақпарат агенттігіне берген түсініктемесінде әскери кемелердің құрылысын Anadolu, Sedef, Sefine, TAİS және STM сынды түріктің компаниялары жүргізетінін алға тартты.

Осылай Түркия әскери теңіз күштерінің қауатын арттыруды көздеп отыр.

Тағы оқыңыз:

“Ол бұрынғыдай күлмейді”. Зеленский 45 жасқа толды