"Болашақ" түлектері биліктің жалына жармасып, шенеунік болуға неге құмар?

Dalanews 19 қаң. 2023 06:23 243

"Ақ жол" партиясы өкілдері 30 жылдан бері жүзеге асып жатқан "Болашақ" бағдарламасын сынап тастады. Азат Перуашев бастаған депутаттардың сын айтатындай жөні бар. Аталмыш бағдарламаның іске асқанына табын күректей 30 жыл өтсе де еліміз білікті маманға жарымай келеді.  

"Ақжолдықтар" өз мәлімдемесінде "Болашақ" бағдарламасын жүзеге асырушылардың жұмысы сұйылып кеткен жасырмапты.

– Біздің "Болашаққа" қатысты сұрағымыз көп. Бүгінде Мәжілісте жаңа "Әлеуметтік кодекс" талқылануда. Осы заңнаманы талқалау кезінде елімізге алдағы уақытта өзекті мәселелерді шешу үшін өзге елдерден 200 ғылыми қызметкерлер мен мамандарды тарту керек екен.

Дәл осы сәтте біздің "Болашақпен" шетелде оқып келген мамандар қайда деген заңды сұрақ туындайды. Расымен де біздің мамандар қайда?

30 жылда 12 мыңнан астам маман даяарланған. Бірақ елімізде маман тапшылығы әлі жойылған жоқ. Осыдан-ақ "Болашақ" бағдарламасы өзіне тапсырылған міндетті толық орындамағанын байқаймыз, – деп ақжолдықтар мәселені Үкіметке қабырғасынан қойыпты.

Айтса айтқанда 30 жыл бойы "Болашақ" бағдарламасы бойынша маман дайындасақ та, маман тапшылығы жойылған жоқ.

Бірақ биліктің ұшар басындағы жауапты қызметтерге тағайындалып жатқан жас кадрларды бәрінің "биографиясына" қарасаңыз, Америка мен Батыс елдерінің әйдік университеттерінде білім алған білікті маман екенін байқауға болады.

Бірақ ешқайсың сол алған мамандықтары бойынша ғылыммен айналысып, ғылымда жетістікке жетпеген.

Шетелде оқып келген жастардың бәрі биліктің жалына жармасып, шенеунік болуға құмар. Осыдан кейін кез келген адамның көкейінде "болашақтықтардың" көпшілігі шенді болу үшін шетелде оқыған ба деген сұрақ туындайды.


Халыққа "Болашқпен" оқып келгендердің басшы-қосышы, агенттік төрағасы, әкім орынбасары болғанының не керегі бар?

Егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, "Болашақ" бағдарламасын жаба салу керек қой. Билік басына барған "болашақтықтардың" ел үшін тау қопарып, тас жарғанын да көрмедік.

"Болашақтың" алғашқы түлегі Бишімбаевтың жемқорлыққа шатылып, абақтыға қамалғанын жұрттың бәрі біледі. Сондықтан "Ақ жол" партиясының Мәжілістегі өкілдерінің мәселе көтеруі өте орынды.

–  Соңғы уақыттары "Болашақ" степендиаттарының әрқайсының жұмсалатын шығынның 30 пайызы күмәнді агенттік комиссиясына жұмсалатынын құлағымыз шалып қалды. Мұны британдық университеттер мәлім еткен болатын.

Бұдан басқа "Болашақ" бағдарламасына бағытталған қаржыны орталық қызметкерлері банк депозиттеріне салынып, 3 млрд теңгені жоқ қылғанын да білеміз.

Ал 2018 жылы «Астана банкі» банкрот болғанда Халықаралық бағдарламалар орталығы бюджетінің 7%-ын жоғалтқанын қалай ұмытуға болады? Бұл аз десеңіздер, 2019 жылы Антикор орталықты тексеру жүргізгенде қаржыға қатысты көптеген келеңсіздіктерді анықтаған.


Айталық, қаржыны дұрыс басқармау, степендияттарға төлем жасауда ортақ тәртіптің болауы, жұмыстың тиімсіздігі сынды мәселелер су бетіне қалқып шықты, – деп "Ақ жол" партиясы ащы шындықты жайып салды.

Енді "Болашақтың" түлегі ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек дәл осы мәселеге қатысты түсініктеме беруі керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x