Ресей Германияға Қазақстанның 300 мың тонна мұнай жеткізетінін растады

Dalanews 13 қаң. 2023 05:40 160

«ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Энергетика министрлігінен 2023-ші жылдың I тоқсанында «Транснефть» ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова застава» мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жөнінде Ресей Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған.

Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы 2002-ші жылдың 7-ші маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде жүзеге аспақ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x