«Эйр Астана» - Еуразия құрлығындағы ірі әуе тасымалдаушы

Dalanews 25 желт. 2014 01:31 258

10869779_823725367671195_4153493716234306420_oАлматыдағы ең зәулім «Ритц Карлтон» қонақ үйінің 30-шы қабатында «Эйр Астана» әуе компаниясы қазақ журналистерімен кездесіп алдағы жылдағы жоспарларымен бөлісті.

Атап айтсақ, әуе компаниясының бұқарамен байланыс жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахымов компанияның биылғы жылғы атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. Оның айтуынша, әзіргі күні «Эйр Астананың» қарамағындағы ұшақтардың барлығы соңғы үлгідегі ұшақтар, олардың орташа жасы 5,3 жылды құрайды.

Айта кетелік, жақында ғана отандық әуе компаниясы AirTransportWorld басылымының «Авиация нарығының көшбасшысы 2015» жүлдесін жеңіп алған болатын. Ал бұл байқау бойынша әуе тасымалдаушылардың жұмыс сапасы халықаралық үлгідегі қауіпсіздігі және борттағы мінсіз қызметіне қарай бағаланған.

Тілек Әбдірахымов айтып өткендей, «Эйр Астана» небәрі 3 жылдың ішінде 21 жаңа ұшақпен толыққан және 19 жаңа бағытпен жаңартылыпты. «Бұл өз кезегінде компанияны Еуразия құрлығындағы ірі әуе тасымалдаушының біріне айналдырып отыр. Азияны бетке алған ТМД жолаушыларының 60 пайызына компанияның оңтайландырған бағыттары оң септігін тигізді. Осының нәтижесінде транзиттік жолаушылар саны 2010 жылдағы 10 мың адамнан 2014 жылғы 200 мыңға адамға жетті» деді ол өз көзінде. Ал аталған басылымның жүлдесін бұдан бұрын EtihadAirways,TurkishAirlines және KLM сынды әлемнің үздік әуе тасымалдаушылары иеленген болатын

«Ритц Карлтон» қонақ үйінің 30-шы қабатында  өткен осынау іс шараның аясында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, ақпарат құралдары жаңа жыл қарсаңында әуе компаниясының сыйлықтарына ие болды. Ұйымдастырушылар Белла Тормышева, Тілек Әбдірахымов және әуе компаниясының әлеуметтік жобалар жөніндегі үйлестірушісі Сәуле Серғазы журналистерді жаңа жылмен құттықтап, біздермен жұмыс істеуге әрдайым әзір екендігін айтты.

Думан БЫҚАЙ


Суретті түсірген, Жеңіс ЫСҚАБАЙ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x