Бучада тігілген қазақ үй Кремльдің шымбайына батты

Dalanews 11 қаң. 2023 05:27 275

Ресейдің Сыртық істер министрлігі Қазақстаннан Украинаның Буча қаласында тігілегн қазақ үйге байланысты түсініктеме беруді үндеді. Ресей сыртқы істер министрлігінің 10 қаңтар күнгі хабарламасынан осыны аңғаруға болады, – деп хабарлайды Азаттық сайты.

– Қазақстанның ресми өкілдерінің назарын интернетте пайда болған ақпаратқа аудардық. Бізді кейбір БАҚ-та шыққан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және Республиканың оған қатысы жоқ деп сендіруге тырысты. Ресей жағының жақын әріптесіне сенбеуіне негіз жоқ, – деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова.

Захарованың айтуынша, дегенмен "Ресей-Қазақстан стратегиялық ынтымақтастығы мен одақтастығына нұқсан келмес үшін және бұл тақырыптың әрі қарай да бұрмалалануына" жол бермес үшін Ресей жағы Қазақстанның "ресми түсініктеме бергені жөн" деп санайды.

Қаңтар басында Украинаның Киев облысында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен аумақтардың бірі Бучада "Незламності" яғни, "мызғымастық" пункті ашылған еді. Қазақ үй ішіне орналасқан пункт тұрғындарға қыс кезінде жарық пен жылу болмаған шақта тұрғындар келіп, жылынып, телефондарын қуаттап алу үшін ашылған.


Бұған дейін украин парламентінің депутаты Сергей Нагорняк Фейсбук желісінде жоба қазақстандық кәсіпкерлер мен Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдерінің арқасында пайда болғанын хабарлаған еді.

Қазақстан одақтасы Ресейдің басқыншылығын айыптаған жоқ, бірақ Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейтінін мәлімдеген.

Астана Мәскеу аннексиялап алған украин аймақтарындағы псевдореферендумды мойындаған жоқ. Қазақстандық еріктілер Украинаға гуманитарлық жүк жіберген. Қазақ үкіметі де гуманитарлық көмек берген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x