Бас прокурор Қаңтар оқиғасын кім ұйымдастырғанын айтты

Dalanews 05 қаң. 2023 08:57 304

Бас прокурор Берік Асылов Қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімов деп мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тілшілер Берік Асыловтан "Тергеу нәтижесінде Мәсімов басты ұйымдастырушы болды ма?" деп сұрады. Бас прокурор: "Солай деп айтуға болады...", - деп қысқа қайырды.

Оның атап өткеніндей, экс-президент Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштен тек куәгер ретінде жауап алынған, өзге ешбір шара қолданылмаған.

"Әбішев? Ол жай куәгер ретінде жауап берді", - деді бас прокурор.



Бұған дейін Бас прокуратура қаңтардағы дүрбелең кезінде Кәрім Мәсімовтің нұсқауымен ҰҚК қызметкерлері өз ғимараттарын қараусыз қалдырғанын айтқан болатын. Ол туралы мына жерден оқи аласыз → Dalainside

"Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҰҚК қызметкерлері Мәсімовтың бұйрығымен ғимараттарын қараусыз қалдырған.

Оның тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы бойынша ҰҚК ғимараттарын тастап шыққан.


Сондай-ақ, басшылықтың пәрменімен Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі істер департаменттерінің ғимараттары қараусыз қалдырылған", – деген еді ол.

[video width="960" height="1280" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2023/01/video_2023-01-05_15-01-54.mp4"][/video]

"Қаңтар оқиғасы бүкіл халық үшін қасірет болды. Бұның барлығы алдын ала жоспарланғаны да белгілі. Ұйымдастырушылар, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар, экстремистер, соның ішінде террористік ұйымдар ұзақ уақыт бойы дайындалған. Террористік әрекеттер бойынша екі қылмыстық істі сотқа жібердік", – деді Бас прокурор.

Бұдан бөлек Берік Асылов Қаңтарда көз жұмғандардың 41-і бұрын сотталғандар екенін айтқан. Асылов қаза тапқан 67 адамның "шабуылшы" деген күдікке ілінгенін атап өткен.

"142 адам төтенше жағдай мен антитеррористік режимді бұзушылар. 4 адам басқа да қылмысты жасау кезінде өлген. Алматы қаласында 151 адам өлді. Олардың көпшілігі президент резиденциясына шабуыл кезінде көз жұмды", – деп қосты бас прокурор.

https://dalanews.kz/qogam/84152-ayes-qurylysynyng-yekonomikalyq-tiimdi

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x