Тоқаев Төле би рухына зиярат етті
2.11k
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында осы елдің Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Төле би кесенесіне зиярат етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды.
Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан кесене XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.
Мемлекет басшысы ата-бабамыз Төлеби рухына Құран бағыштады.