Cоңғы жаңалықтар
Back

Астанада 300-ден астам үлескер баспанасына қол жеткізді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің тұрғындары баспаналы болғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

– Достар! Өздеріңіз білетіндей, алдымызда қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау міндеті тұр. Осыған дейін әкімдік 150 көпқабатты тұрғын үй кешенінің 120-сының құрылысын аяқтаған болатын. Осылайша мыңдаған отбасы көптен күткен пәтеріне қоныстанды.

Бүгін, яғни 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні 300-ден астам үлескер отбасы пәтерінің кілтін алды. «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын қоныстануы керек еді. Тұрғындарды бүгінгі мерекемен және қоныс тойымен құттықтаймын! Әрбір отбасыға амандық, дендеріне саулық тілеймін!

Біз өз тарапымыздан өзге де үлескерлердің тезірек баспаналы болу мәселесін шешуді жалғастырамыз. Ал қалған 15 нысан бойынша (30-дан астам тұрғын үй кешені) сапасына ерекше назар аударуды әрі құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырдым. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында, – деді қала басшысы Жеңіс Қасымбек.

Тағы оқыңыз:

Елордада 300 орынды балабақша пайдалануға берілді