Құрылыс компаниялары еркінcіп кетті

Dalanews 15 желт. 2022 08:51 122

Соңғы уақыттары елемізде құрылыс саласында жауапкершілігіне алған ісін дұрыс атқармайтын компаниялары көбейіп кетті. Соның кесіренін құрылысы нысандары мерзімінде пайдалануға берілмей, қарапайым халық зардап шегуде.

Осыдан бір жыл бұрын танысым үлесті құрылысқа аз-маз ақша салып, үйін кеңейтуге ниет қылған еді. Ол үйін сатып, жартысын құрылыс компаниясына салған болатын. Құрылыс компаниясы үйінің кілтін жазда табыстауға уәде берген-ді.

«Әне береміз, мәне беремізбен» деп құрылыс компаниясы үйді бітірімей істі әлі созылып келеді. Заң бойынша құрылыс компаниялар үйді үш тоқсанға дейін кешіктіруге құқы бар.

Бүгінде құрылыс компаниялары сол уақыттың бәрін пайдаланады. Ал клиеттерімен келісім жасағанда құрылысты ерте аяқтайтындарын айтып қызықтырады.

Содан кейін қарапайым халық тұрып жатқан үйін сатып, аз уақыт пәтер жылдауды жөн көреді. Соңғы кездері мұндай азаматтардың пәтер жалдауы бір жылға дейін созылып кетіп жатыр.


Құрылыс компаниялары үйді кешіктірген сайын үлесті құрылысқа ақша салған қарапайым адамдар пәтер жалдап, шығынға батып жатқаны жасырын емес.

Бұдан басқа міндетіне алған жұмысты сапасыз атқарып, тайып тұратын құрылыс компаниялары да бар.

Ақпарат құралдарынан Абай атандағы ҚазҰПУ-ге жөндеу жұмыстарын мойнына алған құрылыс компаниясы өзіне тапсырылған істі дұрыс атқармай іс, сотқа ұласып жатқанын естідік.

Өз жұмысына салғырт қарайтын құрылыс компаниялары білдей университетті осылай әуре-сарсаңға салып қойғанда қарапайым халыққа не істемейді десеңізші.

Сондықтан құрылыс саласына қатысты заңды қатайтып, еркімен кеткен құрылыс компанияларын жөнге салатын кез келген сияқты.

Нұрлан ЖҰМАХАН 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x