Cоңғы жаңалықтар
Back

Қайғылы Қаңтар: Алматы телеарнасы үшінші серияның тизерін ұсынды (видео)

Журналистік зерттеу жанрындағы авторлық фильмнің мақсаты – Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысты алып-қашпа әңгімелерді ысырып тастап, жағдайдың қалай болғандығын оқиға хронологиясын қалыпқа келтіру арқылы шындыққа көз жеткізу, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүкіл ел үшін нағыз сынаққа айналған трагедия туралы 5 сериялы фильм эксклюзивті сұхбаттар мен бұрын белгісіз болған фактілерді ұсынады. Ең бастысы, қанды тәртіпсіздіктер мен жан түршігерлік бүлікке әкелген наразылық шерулерінің егжей-тегжейлі хронологиясын жаңғыртады.

Қайғылы қаңтардың бастауында не жатқанын, бандиттердің әкімдік, әуежай мен полиция бөлімін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін оқиға орнында болған қатысушылар мен куәгерлер баяндайды.

Қаңтардағы бей-берекеттік кімге пайдалы болды және бұл қиын жағдайда ел тұтастығы қалай сақталғанын түсіну үшін журналистер сол кездегі оқиғаларға өзіндік талдау жасады.

Осы бейсенбі, 15 желтоқсан, сағат 18:20-да «Алматы» телеарнасында, сондай-ақ YouTube арнасында «Қайғылы Қантар: От пен оқ арасында» деректі филімінің үшінші сериясын өткізіп алмаңыз.