ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Dalanews 14 желт. 2022 11:47 164

Түркістан қаласында биыл баспана кезегінде тұрған 700-ге жуық отбасына әлеуметтік баспана беріледі. Шаһардың жаңа ауданында бой көтерген 9 қабатты бес тұрғын үйге 5 мыңға жуық адам көшіп келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 20 отбасына пәтер кілтін тапсырып, қуаныштарымен бөлісті.

– Тәуелсіздіктің арқасында мемлекетіміз тұрақты даму жолына түсті. Рухани астанамыз Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде өркендеудің жаңа сатысына өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қалаға ерекше мәртебе беру көзделуде. Сонымен бірге Президентіміз өз Жолдаулары мен тапсырмаларында халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырған болатын. Міне, осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Бүгін Түркістан қаласында 20 отбасы, яғни 100-ге жуық адам көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады. Жалпы, жыл соңына дейін әлеуметтік топтар бойынша кезекте тұрған 700-ге жуық адамға пәтер кілтін тапсыру жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар халықтың баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы, – деді Дархан Сатыбалды.

Қоныс тойын тойлап жатқандардың арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедектер, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және тағы басқалар бар.

Биыл Түркістан каласы бойынша жалпы көлемі 200 мың шаршы метрден асатын 51 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл дегеніміз, 3296 пәтер, оның ішінде арендалық 709 пәтер иесі баспаналы болады деген сөз. Ал, 2023 жылы 62 үй салынып, тағы 4202 пәтер иесі қоныс тойын тойлайды. Олардың басым бөлігі
«7-20-25» және «Бақытты отбасы» мемлекеттік
бағдарламалары арқылы баспаналы болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x