"Өгей қызына зорлық көрсеткен...". Үш баласымен асылып өлген ер адамға қатысты жаңа дерек шықты

Dalanews 14 желт. 2022 11:07 228

Әйелінің артынан еріп келген 15 жастағы өгей қызына зорлық көрсеткен.

Бұл жайында журналист Гүлмира Әбіқай өзінің желідегі парақшасында жазды.

"3 баласын асып өлтіріп, артынан өзіне қол салған еркекке қатысты шындық міне. Ешқандай жоқшылық, қымбатшылық, Үкімет кінәлі емес! Маған жазылған хатты қаз-қалпында жарияладым, артында аңырап қалған жарымен толық сұхбат кешке парақшамда", - деп жазба қалдырды журналист.

Гүлмира Әбіқайға жолданған хатта ер адамға қатысты тың деректер айтылған.



"Ол оқиға ешқандай да саясаттың кесірінен болмаған. Менің туған немере сіңлімнің отбасысы. Күйеуі нашар адам болған. Ішіп алып ұратын.

Сіңлімнің еріп келген 15 жастағы қызы бар. Соны зорлап, түрмеге кетпеймін деп өз-өзіне қол жұмсаған. Балаларын қызғанып, сіңілімнен өзімен бірге алып кеткен хайуан.


Сіңілімді балаларынан айырып, зарлатып кетті. Үлкен қызының өмірін бұзды", - деп жазылған хатта.

Әзірге бұл ақпарат туралы ресми мәлімет айтылған жоқ.

https://dalanews.kz/news/84437-ikomek109-akimdik-pen-khalyq-arasyna-daneker

https://dalanews.kz/del-qazir/84463-audiozhazba-zhibergen-manggystauda-er

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x