СҚО-да балық шаруашылығын дамытуға баса көңіл бөлінуде

Dalanews 07 желт. 2022 04:49 268

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне қарасы Табиғи ресурстар және табиғиты пайдалануды реттеу басқармасы облыс аумағындағы су көздеріне ексеру жұмыстарын жүргізіп, балық шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктерін қарастырды. 

Өңірде біраз су көздері бар. Жергілікті билік орындар сол су ресурстарын кеңінен пайдаланып, балық шаруашылығын өркендетуді көздеп отыр. Осы мақсатта Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қай жерге балық шаруашылығын дамытуға болатынын анықтаған.

Бұл жобаны Қоғамдық кеңестің кезекті басқосуында басқарма басшысы Бейбіт Исманов жұртшылық назарына ұсынды.

– Біздер облыс аумағындағы су көздерін мұқият тексеруге жергілікті бюджеттен 23 млн теңге бөлген болатынбыз. Осы бөлінген қаржыға ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, өңірде балық шаруашылығын дамытуға болатын 43 су көзі анықтадық. Аталған су көздерінде алдағы уақытта балық өсіріп, табыс табуға болады, – деді Бейбіт Исманов.

Басқарма басшысы жүргізілген жұмыстар алдағы уақытта Солтсүтік Қазақстан облысында балық шаруашылығын дамытып, балық өсіретін су көздерінің санын арттыра түсетінін алға тартты.

Мамандардың зерттеуі бойынша СҚО-да ұзын саны 500-ге жететін балық шаруашылығын дамытуға қолайлы су көздері бар екен. Өткен жылы олардың 200 пайдаланылмағаны анықталған.


Күні кеше ғана Үкімет басшысы Әлихан Смайлов соңғы уақыттары елімізде тамақ өнеркәсібі саласында балық шаруашылығы қарқынды дамып жатқанын алға тартқан-ды.

Қазіргі таңда елімізге сырттан жеткізілетін балық экспорты тым жоғары екені жасырын емес. Үкімет елімізді балық шаруашылығын дамытып, балық экспортын төмендетуді көздеуде.

Қазіргі таңда балық шаруашылығын дамытуға аңсары ауған шаруаларға мемлекет барынша қолдау көрсетуде. Айталық, балық өсіру үшін су көздерін жобалау ісі барынша жеңілдетілгенін және салықтық жеңілдіктер де қарастырылғанын айта кетуіміз керек.

Солтсүтік Қазақстан облысы Үкіметтің бұл бағыттағы жұмыстарына бірінші болып үн қатып, өңірдер балық шаруашылығын дамытуға бас көңіл бөліп отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x