Әскерилер Жолдау жүктеген міндетті талқылады

Dalanews 04 желт. 2014 00:02 236

  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол!» халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында Алматы қаласына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының ақпараттық-насихат тобы келді.                           

10815804_461868020617905_1488973175_nАқпараттық топтың жұмыс күні мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, күштік құрылымдардың, шығармашылық интеллиенция өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелден басталды. Жиын барысында топ жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов Елбасы Жолдауының мән-маңызына, Президент белгілеген міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарттарына кеңінен тоқталып, бұл тараптағы Ұлттық ұланның қызметін тарқата жеткізді.                                        
Ұлттық ұланның жеке құрамы Елбасы Жолдауын зор ықыласпен қабыл алды. Президентіміз айтқан жалпыхалықтық құндылығымыз – бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сол арқылы гүлденген мемлекет құру міндеті біздің жауынгерлерге зор жауапкершілік артады, - деп атап өтті өз сөзінде полковник Мұхаметқали Сатов.                     

Оңтүстік астанадағы алғашқы жұмыс күнінде насихатшылар тобы сонымен қатар Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен, Ұлттық ұлан 5571 әскери бөлімінің және ҚР ІІМ академиясының жеке құрамымен кездесті. Онда Ұлттық ұлан Орталық ән-би ансамблінің өнерпаздары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаларын ортаға салды.
Топ жетекшісінің айтуынша ұландықтар алдағы күндері Алматы қаласының тұрғындарына арнап Гала-концерт ұсынады және облыстың Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарында болып, жұртшылықпен жүздеспек. Бұған дейін топ мүшелері алматы облысының орталығы мен Текелі қаласында және Ақсу ауданы Қызылағаш аулында болып қайтқан болатын.
                                                                                               

1384272_462015770603130_327873430438640097_n  Дархан МҰҚАНОВ


Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы


«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x