Сапаров ауыл-аудандарды аралап, жұртшылықпен жүздесті

Dalanews 15 желт. 2022 04:12 299

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Айдарбек Сапаров аудандарды аралап, жергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, халықпен кездесуде. Облыс басшысы жыл аяғына дейін өңірдегі 13 ауданды толық аралап шығуды көздеп отыр.

Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 1 желтоқсаннан бастап облыс әкімі болып тағайындалған-ды. 17 желтоқсан күні Айдарбек Сапаров Қызылжар және Есіл ауданына жұмыс сапармен барып, жұртшылықпен жүздесіп қайтты.

Сапар барысында Сапаров өндірістік орындар мен әлеуметтік мекемелерді болып, олардың жұмысымен танысты.

– Біз таяуда ғана облыстың бюджетін бекітіп, ауыл-аудандардың әлеуетін көтеруге басы көңіл бөлдік. Алдағы уақытта Қызылжар ауданында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары өз жалғасын табатын болады. Тарқатып айтсақ, Чапаев және Петерфельд ауылындағы сумен қамту ісін жаңғартатын боламыз. Сол сияқты алдағы 2023 жылы Якорь, Прибрежное ауылдарында дәрігерлік амбулаторяның құрылысы басталса, Пеньков, Налобино ауылдарында Мәдениет үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, – деді облыс басшысы.


Айдарбек Сапаров Есіл ауданына жасаған жұмыс сапарында білім беру, денсаулық сақтау және ауылды жерлердегі инфрақұрылымды жаңғырту ісіне айрықша тоқталғанын айта кетуіміз керек.

– 2023 жылы «Покровка - Ильинка – Мектеп» тас жолына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысын толықтай аяқтап, Бесқұдық ауылана қарай жол салынады. Сонымен қатар Чириковка, Николаевка, Таранғұл және Бұлақ ауылдарының ішіндегі жолдарды асфальт төселінетінін айта кетуіміз керек. А. Игібаева атындағы интернат-мектепке және Покровка, Николаев ауылдарына дәрігерлік амбулаторяға толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізетін боламыз. Ал аудандық емханаға жаңа УЗИ аппараты орнатуды көзделуде. Ең бастысы аудандағы дәрігер мамандардың жетіспеушілігін жоюымыз керек, – деді Айдарбек Сапаров.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x