Соңғы үш жылда СҚО-да қыста жолда қалып, адамдардың мерт болу оқиғасы тіркелмеген

Dalanews 07 желт. 2022 03:00 237

Солтсүтік Қазақстан облысының құтқарушылары қыс кезінде жолда қалған жолаушылардың құтқару ісі бойынша машығын шыңдап, арнайы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің таратқан мәліметінше, өңірлердегі жолдарды қардан тазалау үшін 1 246 техника жұмысқа кіріскен. Олардың арасында қар тазалаушы машина мен өзге де техникалар бар.

Айталық, сүйретпе, кунг, қарда жүретін көлік пен вахтаға арналған машиналар орын алған төтенше жағдайды еңсеруге дайын тұр.

Сонымен қатар облыс бойынша 14 жедел іздестіру тобы жасақталғанын да айта кетуіміз керек. Олардың құрамына құтқарушылар, тәртіп сақшылары және жергілікті билік орындарының өкілдері кірген.


Қытымыр қыста жолда қалған азаматтар үшін өңірде 300 жылыту орталығы ұйымдастырылғанын айта кетуіміз керек.

– 2021-2022 жылдың қыс мезгілінде біздің құтқарушыларымыз жолда қалған 86 адамды құтқарған. Соңғы үш жылдағы жағдайға шолу жасасақ, облысымызда қыс мезгілінде жолда қалып, адамдардың мерт болу оқиғасы мүлде тіркелмеген. Бұдан біздің құтқарушылардың өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайтынын байқауға болады, – деді департмент өкілі.

https://dalanews.kz/kogam/84530-erkebulan-qaynazarov-altyn-dombyra

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x