IKomek109 – әкімдік пен халық арасына дәнекер болуда

Dalanews 04 желт. 2022 06:59 224

Жылдың басынан бері Астана қаласының IKomek109 бірыңғай байланыс орталығына 2 миллионнан астам өтініш келіп түскен. Жыл сайын iKomek қызметін елорданың 600 мыңнан астам тұрғыны пайдалануда.

Орталық іске қосылған уақыттан бері 9 миллионнан астам өтініш қабылдады. Қаланың мыңнан астам ұйымымен байланыс жолға қойылған.

– IKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы – елордада жайлы және қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін қызмет түрі, – деп атап өтті iKOMEK қалалық орталығының басшысы Асқар Таксимов.

iKOMEK109 – 2500-ден астам мәселе бойынша тұрғындармен бірыңғай байланыс орны. Платформада сумен жабдықтау, жылыту, қоғамдық көлік, электр және газбен жабдықтау, денсаулық сақтау, абаттандыру қатысты өтініш беруге болады.

Орталық жұмысының негізгі мақсаттарының бірі – тұрғындардың проблемаларын тез арада, қашықтан шешу. Бүгінгі күні қала тұрғындарының өтініштерінің 86,6%-ы алғаш хабарласқан сәттен-ақ (консультациялардан) шешіледі, қалған 13,4%-ын әкімдіктің жауапты бөлімшелері (инциденттер) пысықтайды.


Сонымен қатар 109 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалудан бөлек, тұрғындарға ыңғайлы байланыс арналары құрылды. Мқнда жеделхат бот, әкімдік сайты, iKomek109 мобильді қосымшасы бар.

Әрбір өтініш автоматты түрде тіркеледі және жауапты ұйымдарға орындауға беріледі. Өтінішті толық пысықтағанға дейін iKOMEK қалалық орталығының мамандары орындалу барысын бақылауда ұстайды.

Сонымен қатар, iKOMEK Ахуалдық орталығына 16 000 бейнебақылау камерасы біріктірілген, олар арқылы биыл жыл басынан бері 13 000-нан астам құқық бұзушылық, оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталған.

Қала қауіпсіздігін неғұрлым тиімді үйлестіру мен орталықтандырылған мониторингті қамтамасыз ету үшін iKomek орталығына полиция департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде іссапарға жіберілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x