Елордада ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өсуі байқалады

Dalanews 08 желт. 2022 06:18 238

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері елордада 42 мыңнан астам ЖРВИ мен тұмаудың 172 жағдайы тіркелді. Алайда аурушаңдық өткен маусымның ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерден аспайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева брифингте қаладағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтsg ,thl3.

Мәселен, 2022-2023 жылғы эпидемиологиялық маусымның 48 аптасында елордада 100 мың тұрғынға шаққанда 536,2 аурушаңдық көрсеткішімен ЖРВИ-дің 6 648 жағдайы анықталды, оның ішінде 14-і тұмау жағдайы. Алдыңғы аптамен салыстырғанда.

Эпидемиялық маусымның басынан (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) сырқаттанушылық өткен маусымның ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен аспайды.

Мәселен, ЖРВИ ауруларының 42 022 жағдайы тіркеліп, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3389,6, өткен маусымның ұқсас кезеңінде 45 389 жағдай тіркелген. |Бұл – 1,2 есе төмен.

 

– Алайда, ағымдағы эпидемиологиялық маусым оның басынан бастап тұмау жағдайларының тіркелуімен ерекшеленеді. Мәселен, ЖРВИ құрылымында тұмау жағдайларының үлесі 0,4% – 172, оның ішінде А(H1N1) және А (Н3N2) және В типті 170 құрайды, – деп хабарлады Пралиева.


Науқастардың жалпы санынан 14 жасқа дейінгі балалар 54% құрайды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 6 %, жүкті әйелдер – 5 %.

ЖРВИ диагнозымен стационарлық емдеуді 5% немесе 2 180 науқас алды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x