Cоңғы жаңалықтар
Back

Астанада зияткерлік көлік жүйесін дамыту ісі жалғасуда

Бүгінде Астанада ашылған және жөнделген көшелердің саны 400-ден асты. Олардың жартысы елді-мекендерде орналасқан. Сондай-ақ, Ұлы дала даңғылының бойында көлік қозғалысына арналған көпір ашылып, қала тұрғындарының жүріп-тұруын айтарлықтай жеңілдетті. Сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылында орналасқан тағы бір көпір 2023 жылы ашылады деп күтілуде.

Dalanews.kz ақпарат агенттігі осыған дейін Астана қаласының кешенді көлік схемасының (ККС) тұжырымдамасы бекітілгенін жазған болатын. ККС халықтың жыл сайынғы өсуін және көлік нөпірінің артқанын ескеріп, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға дейін бірыңғай техникалық пайымын әзірлеуге мүмкіндік беретінін айта кетуіміз керек.

Биыл тамыз айында Ұлы дала бойында ашылған көпір Мәңгілік ел даңғылын, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova City ауданынағы, “Мыңжылдық” аллеясындағы көлік нөпірін сейілтті, сол сияқты “Нұрлы жол” жаңа вокзалына, Телман және Промышленный елді мекендеріне, МЕТРО гипермаркеті маңайына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне қатынайтын жол ашылды.

Сол сияқты А62 көшесі бойындағы (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тасжолына дейінгі учаскеде) жол қозғалыс ашылған-ды. Бұл көше Қарағанды тасжолы мен “Нұрлы Жол” теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жағалауы арасындағы еркін көлік қатынасын қамтамасыз етеді.

 

Осылайша, бұл көше аудандарды жаңа көпірмен байланыстыратын мүмкіндік туғызып отыр.

Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылын жалғайтын тағы бір көпір 2023 жылы ашылмақшы. Бұл – көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері, Момышұлы даңғылы мен сол жағалау арасында қосымша байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Астанада зияткерлік көлік жүйесін дамыту жұмысы жалғасып жатыр. Астанада зияткерлік көлік жүйесін пайдалану есебінен көлік жылдамдығы 18%-ға ұлғайды, ал жол жүрудің орташа уақыты 20%-ға азайған.

“Ақылды” бағдаршамдар кептеліс кезінде оңтайлы режим таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша көлік қозғалысы айтарлықтай жеңілдей түскен.

Қалада бағдаршам нысандарының 40%-дан астамы зияткерлік функциялармен жабдықталған. Келесі кезеңде бағдаршам нысандарының шамамен 80%-ын аталмыш жүйемен қамту жоспарланып отыр.