«23,5 мың пәтер салынған». Астанада тұрғынүй саласы қарқынды дамуда

Dalanews 07 желт. 2022 05:51 264

Астанада жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы бар. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаға жас қоныс тойын тойлап, өмірден өз жолын тауып жатыр десек артық айтқандық болмас еді. Осылайша бас қалада жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша көңіл бөлінуде.

Қалада жастарға берілетін тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылып, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың санаты кеңейтілгені белгілі. Жастардың баспаналы болуына әкімдік барынша қолдау көрсетіп отыр.

Соңғы жылдары Астанада 23,5 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салынған. Мәселен 2018 жылы – 1100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы – 2900 әлеуметтік пәтер салынса, 2020-2022 жылдары 20,5 мың әлеуметтік пәтер салынып, қала тұрғындарына табысталды.

Бұдан бөлек құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, қауіпті тұрғын үй кешендерін жөндеу, апатты күйдегі әрі тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асып келеді.


Соңғы үш жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы қоныс аударғанын да айта кетуіміз керек. Алдағы уақытта тағы 300-ден астам отбасыны көшіру жоспарланып отыр. Елорда Даму бағдарламасы басталғалы бері апатты үйлерден 4200 отбасы қоныс аударды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x