"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша Астанада 45 мектеп салынды

Dalanews 07 желт. 2022 05:41 370

Астанада 93 мың оқушыға арналған 45 мектеп салынбақ. Оның 9-ы биылғы оқу жылында ашылады деп күтілуде. 2019-2021 жылдар аралығында 36 оқу орны салынып, пайдалануға берілген.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында ірі габаритті 25 мектепті жобалау басталып кетті. Ірі габаритті мектептер 100 мың оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. Олардың құрылысы 2023 жылы басталады.

2025 жылға дейін Астанада 120 мың оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 44 мектеп салу жоспарланып отыр.

Елордада мектеп салу үшін 158 жер учаскесі белгіленін Dalanews.kz сайты бұған дейін жазған болатын. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттіліктеріне орай қаланың барлық ауданында орналасқан.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына әр ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы жөнінде арнайы бағыт бекітілді. Мектептер мен өзге де маңызы зор әлеуметтік нысандар салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын ұлғаятын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x