ТЕМЕКІНІҢ ЗИЯНЫ

Dalanews 26 қар. 2014 01:35 218

[caption id="attachment_8440" align="alignleft" width="321"]10814345_330905047094331_224127487_n 20 қараша – Халықаралық темекіден бас тарту күні [/caption]

20 қараша – Халықаралық темекіден бас тарту күні болып белгіленген. Бұл күні көптеген елдердің жастары шылым тартпауға үндейтін түрлі шаралар ұйымдастырып жатады.
Сол сияқты Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қалалық білім беру басқармасының қолдауымен жоғары сыныпта оқитын оқушылар арасында Жастар акциясын өткізді.
Бұл күні оңтүстік шаһардағы жоғары сыныптарда оқитын 120 мыңға тарта шәкіртке жасөспірім ағзаға шылымның қаншалықты зиянды екендігін дәйектейтін әлеуметтік роликтер көрсетілді. Бұл бейнежазбаларда келешектегі адамдардың денсаулығына қатысты жаһандық мәселелер бар.
Осынау шара аясында теледидар алдында отырған оқушыларға өздері жақсы көретін өнер жұлдыздары салауатты өмір салтын ұстанудың игіліктері жайлы насихат айтты. Мәселен, Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Гиннестің рекордтар кітабына енген Дмитрий Петрухин сынды танымал адамдардың өсиетті әңгімелері оқушыларға жақсы әсер еткені байқалды.
Дегенмен, жастарға көрсетілген сюжеттер қорқынышты картиналардан ада болмағанын да айту керек. Никотиннен қарайған өкпе, инсульт жағдайындағы ми қыртыстары, анасының жатырында темекіге тұншыққан шарана шылым тартудың ауыр салдарларынан шошытарлықтай еді.
Әлеуметтік роликтерден кейін алматылық мектеп оқушылары темекінің зияндығы жайлы өзара пікір алмасты.

Айнаш ЕСАЛИ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x