Азық-түлікке ай сайын 300-350 мың теңге жұмсаймыз - Көлгінов

Dalanews 12 желт. 2022 13:36 225

Жуырда ғана Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалған Алтай Көлгінов бұрынғы қызметіне қатысты сыни пікірлерге оң көзқараспен қарайтынын айтты деп хабарлайды Dalanews.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

«Жұмыста сын міндетті түрде болады. Сынға жақсы қараймын. Бірақ істелген шаруаны да жоққа шығаруға болмайды. Қала, ол – үлкен ағза іспеттес. Сондықтан да проблемалар әрқашан болады. Ал алға қойылған тапсырмаларды әрайым орындау керек. Мен әкімдікте 11 жыл жұмыс істедім. Сондықтан бұл мен үшін жаңа даму сатысы, жаңа жауапкершілік. Өңірде әріптестеріммен атқарған жұмысты енді республикалық деңгейде атқаратын боламыз. Сондықтан да жұмыс дәл әкімдіктегідей, тек ауқымы кең», – деді Көлгінов.

Алтай Көлгінов жаңа қызметіндегі жалақысын да, ай сайынғы азық-түлікке жұмсайтын ақшасын да жасырмады.


«Жалақымда аса өзгеріс жоқ. Әлі келісім шартқа қол қоймадым. Ал отбасым азық-түлікке ай сайын шамамен 300-350 мың теңге жаратады», – деді Алтай Көлгінов.

Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары реінде бірқатар әлеуметтік мәселелермен айналысатынын айтты. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бар.

«Әлеуметтік мәселеде ең бастысы, ол – жұмыспен қамту. Қазір министрлік әлеуметтік кодекспен айналысып жатыр. Ол қазір депутаттармен талқылануда. Әлеуметтік кодекс өзінің оң септігін тигізеді. Инфляция асқақтамау үшін бізде өзіміздің өндірісіміз болуы керек. Оны жасауымыз керек. Бізде өндірімейтін тауарларды өзімізде өндіру керек», – деді ол.

https://dalainside.kz/12/manyzdy/12/2022/779/

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x