Солтүстік Қазақстан дәрігер тапшылығы жойылып келеді

Dalanews 08 қар. 2022 21:46 255

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам дәрігер маман жетіспейді. Өңірдегі денсаулық саласына жауапты басшылар аталған мәселе алдағы екі жылда толығымен шешілетінін алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Жергілікті билік орындары қалаға жұмысқа келгендерде 2,5 миллион, ал ауылға барғандарға 3,5 миллион теңгеге дейін көтермеақы төлеуге дайын. Ммандар баспанамен де қамтылады. Осындай мүмкіндіктің арқасында тек биылдың өзінде аймаққа 185 дәрігер келгне.

Түркістан облысының тумасы Бақдәулет Арынбеков дипломын алған жас дәрігер. Осыдан бірнеше ай бұрын аймақта мамандарға жасалып жатқан жағдайды естіп, бірден еңбек жолын Солтүстіктен бастауға шешім қабылдаған. Қазір ол облыстық көпбейінді ауруханада жұмыс істейді.

– Қазір пациенттерге ота жасап жатырмыз. Науқастарды емдеп, қарау үшін барлық жағдай жасалған. Ұжымда тәжірибелері білгендер үйретіп жатыр. Жалпы өңірде дәрігер жетіспеушілігі бар. Айталық, балалар емханасына лор дәрігер керек, – дейді облыстық көпсалалы аурухананың лор дәрігері Бақдәулет Арынбеков.


Жыл басында өңірде 285 орын бос тұрған болатын. Соңғы он айда 100 дәрігер жұмысқа қабылданған.

Дәрігер тапшылығы өңірдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан жергілікті билік орындары жас мамандарға барынша қолдау көрсетуде. Тіпті, резедентурада оқимын деген мамандардың ақысын да төлейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x