Тоқаев туысқанын Болгария елшісі қызметінен босатты

Dalanews 09 желт. 2022 05:02 174

Мемлекет басшысы Теміртай Ізбастинді Қазақстанның Болгариядағы өкілетті елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Ізбасиннің орына Виктор Темірбаев Болгариядағы Қазақстанның өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Теміртай Ізбастин – президенттің қарындасы Қарлыға Ізбастинаның күйеуі.

Тоқаевтың күйеубаласы Теміртай Ізбастин Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық миссиясын 2009 жылдан басқарып келді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланған соң Ізбастин елші қызметіне тағайындалған.

Еске салайық, 5 маусымда өткен референдум аясында қабылданған өзгерістерге сәйкес президенттің жақын туыстары басшылық қызметтерді атқара алмайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x