Cоңғы жаңалықтар
Back

СҚО-да өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 1 трлан теңгеге жетті

Солтсүтік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов облыстағы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Өз кезегінде облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы әрбір көрсеткіштің астарында тынымсыз еңбек жатқанын алға тартты.

– Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлері еліміз бойынша алдыңғы орында келеді. Бұл мақтаныш үшін айтылған пафосқа толы сөз емес. Айталық, бүгінде елімізде өндірілетін бидайдың 25%-ын біздің облысымызды жер емген шаруалары өндіріп келеді.

Бұдан басқа елімізге қажет майлы дақылдардың үштен бір бөлігі СҚО-да өндірсе, қазір облысымыз жұмыртқа өндіруде алдыңғы орынға шықты.

Тағы да айта түссек, республикада өндірілетін сүттің төрттен бір бөлігі біздің сүт фермаларымызды өндіріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстардың жандануына барынша көңіл бөліп келеміз. Осындай жетістікке жету үшін біздер ауыл шаруашылығы саласына ең қомақты инвестиция тарттық. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысы еліміз бойынша агро салаға ең көп инвестиция тартқан облыс болып саналады, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Айтса айтқандай, қазір СҚО-да ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Шаруалар жұмыстарының өнімділігін арттыру үшін заман талабына сай техникалар сатып алып, түрлі дақылдардың жаңа сорттарын пайдаланып, табысқа кенелуде. Облыста ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру жолында тыңайтқыштар да көптеп алынуда.

Қазіргі таңда Солтсүтік Қазақстан облысында 22 сүт фермасы салынса, жыл аяғына дейін тағы да 8 тауарлы сүт фермасы жұмысын бастайтынын облыс басшысы алға тартты. Бұдан басқа биыл облыста 2 құс фабрикасы ашылған. Алдағы жылы тағы бір құс фабрикасын ашу жоспарда бар екен.

– Біздер соңғы 10 айда құны 1 трлн теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, реккордтық нәтижеге қол жеткіздік. Мұндай үлкен жетістікке жетуде ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбегі зор екенін айтқым келеді. Сол себепті СҚО-ның шаруаларын шын жүректен құттықтаймын! – деді Құмар Ақсақалов.

Салтанатты басқосуда облыс әкімі еңбегімен танылған азаматтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Кеш соңы Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева қатысқан думанды кешпен түйінделді.

Тағы оқыңыз:

Ахметов қызметін сақтап қалды: Ол Жаңа Қазақстанға не үшін керек?