Елорда кәсіпкерлері кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәселелерді талқылады

Dalanews 06 желт. 2022 04:46 277

Астанада ҚР Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Рустам Жүрсінов пен қаланың бизнес-қауымдастығы арасында кездесу өтті.

Отырыста Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Ирак Елекеев пен Палата директоры және мемлекеттік органдар мен қала прокуратурасының өкілдері қатысты.

Елордалық кәсіпкерлер бизнес-омбудсменге бизнестің жекелеген түрлерін одан әрі дамыту үшін шешуі қажет жеке және жүйелі проблемалар туралы айтып берді.

Бүгінде бизнес-омбудсмен институтының жұмысын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы толық қамтамасыз етіп келеді. Астана қаласында бизнес-омбудсмен институтының өңірлік деңгейдегі бөлімше табысты жұмыс істеуде.

Бизнес-омбудсмен институты қаладағы кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін қолда бар ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануда.

– Бізде нақты міндет болды, ол – кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Бұл, ең алдымен, бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдар, бәсекелестікті және отандық бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық рұқсат беру, лицензияға қатысты кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға тырсып, кәсіпкерлерге қолдау білдіріп келеміз, – деді Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Ирак Елекеев.


Сондай-ақ, басқосуда бұдан басқа инклюзивті білім беру, ерекше білім беруді қажет ететін ересек студенттерге арналған инватакси қызметі, ақылы автотұрақтарды құру мәселелері де көтерілді.

Елордада инватакси көлігінің саны артып, мүмкіндігі шектеулі жандардың аяғын ұзатты десек болады. Бұл бағытта еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің еңбегі зор.

– Бүгінде Астана қаласы әкімдігі ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы уақыттары қалада инватаксидің саны екі есе өскенін атап айтуға болады. Алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, қажетті шаралар қабылдайтын боламыз, – деді әкімдік өкілі.

Елордада ерекше қажеттілігі бар 27 мың адам тұрады, оның 5,5 мыңы балалар. Қалада екі оңалту орталығы салынады, қазір иппотерапиямен айналысуға арналған ат спорты кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x