Екібастұз жылу орталығы басшыларының бірі мерт болды
ҚазТАГ-тың Телагарм каналы Екібастұз жылу орталығында учаске бастығы болып қызмет атақаратын Сергей Видлогтың өлі күйіндегі мәйіті табылғанын жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Дәл қазір Сергей Видлогтың қазасына қатысы нақты мәлімет жоқ. Құқық қорғау органдары ЖЭО-ның қызметкерінің мерт болғанын растаған. Сонымен қатар мәйіттен қандайда бір дене жарақаты байқалмағанын да алға тартты.
Марқұмның денесі «За рулем» гараж қоғамының гаражында тұрған «ВАЗ-21099» автокөлігінің салонынан табылғанын айта кетуіміз керек.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды.
Тағы оқыңыз:
Үкімет ел экономикасына 300 мың доллар салған кәсіпкерге «Инвесторлық виза» бермекші
Шығысқазақстандық семсерлесуші Әлем чемпионатының алтынын медальіне ие болды