Back
| DalaNews

Қызылорда облысы күріштен рекордтық өнім алды

Бүгінде Сыр дихандары күрішті төкпей-шашпай қамбаға құйып болды. Барлығы 78939 гектар күріш алқабынан астық жиналды. Орташа өнім гектарына 50,1 центнер. Бұл ел тәуелсіздік кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Биыл Қызылорда облысында 161367 гектар жерге егін егілді. Жер Анадан нәпақа күткен халықтың жаз бойғы маңдай тері ақталды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 35,9 млрд.теңгені құрады.  Салаға қаржылай қолдау да жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, биыл облыстық бюджеттен 8,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,9 пайызға жоғары.