Back
| DalaNews

Апатты мектеп мәселесі келер жылы толықтай шешіледі

Қызылорда облысында жыл басында 25 апаттық мектеп болған, бүгінгі таңда 2 мектеп құрылысы аяқталып берілді, ал 11-інің құрылысы жергілікті бюджет есебінен жыл соңына дейін аяқталып пайдалануға  берілетін болады. 1 мектептің құрылысы бюджеттен тыс қаржы көзінен  салынуда.

«Қалған 11 апаттық мектептердің 6-ына жобалық сметалық құжаттары дайын, 5-іне жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен  28,2 млн теңге қаржы бөлінді. 2015 жылы осы 11 апаттық мектептердің құрылыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», – деді  Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

2014 жылы 28 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда оның 7-і пайдалануға берілген. Қалған мектептер жыл соңына дейін берілетін болады.

Сондай-ақ, биыл 58 білім беру ұйымдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 46-ы жалпы білім беретін мектеп, 12-сі білім мекемелері.