ШҚО-да өндірісте жарақат алу 7,2%-ға төмендеген

Dalanews 01 желт. 2022 14:05 304

Шығыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов ШҚО-да 2025 жылға дейін өндірістік жарақаттарды азайту және кәсіпорындардағы жұмыс жағдайын жақсарту бойынша қабылданған жұмыс жоспары қалай жүзеге асып жатқанын айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бүгінде облыс аумағындағы ірі 25 кәсіпорын өндіріс орындарындағы жарақат алуды азайтуды көздейтін «VisionZero» концепциясына қосылса, 3 кәсіпорын «Халықтық бақылау» жобасын өз еріктерімен қатысты. Бұдан басқа біздің басқарама ұзын саны 90-ға жететін кәсіпорын еңбек нарығын сақтау бойынша аттестациялаудан өткізді, – деді ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.

Басқарма басшысы айтқан «Халықтық бақылау» жобасына қосылған үш кәсіпорын өздерін былай қойып, әріптестеріне жұмыс барысындағы жарақатты азайтып, қарапайым еңбек адамдарының жұмысы үшін жайлы жағдай жасауды талап ете бастаған.

Осылайша ШҚО-да бастау алған тартымды іс-тәжірибе кәсіпорындарындағы жұмысшы құқының қорғалуына жаңа деңгейге көтерді.   


Өз кезегінде ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда өндіріс орындарында жұмысшылардың жарақат алуы оқиғасы 7,2%-ға төмендегенін де алға тартты.

– 2021 жылы өңірдегі кәсіпорындарды жұмыс істейтін 76 мың жұмысшы жұмыс берушілерінен өтемақы төленді. Бұл үшін жұмыс берушілер 23,2 млн теңге жұмсаған. Бұл – 2020 жылы төленген өтемақымен салыстырғанда 11%-ға жоғары. Сонымен қатар өндіріс орындарында жұмыс істейтін еңбек адамдарының өмірін сақтандыру деңгейі 41%-ды құраған. Бүгінде біздер кәсіпорындарға жұмысшылардың өмірін сақтандырудың маңызы зор екенін түсіндіріп келеміз, – дейді Бақытбек Қизатов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x