Жұмыссыз жастарға қиындықтан оңтайлы шығу тақырыбында курс өтті

Dalanews 28 қар. 2022 12:11 329

"Адырна" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен онлайн курс өтті.

Жұмыссыз жастардың кезігетін түрлі ситуацияларында қалай шығу керектігін түсіндірген белгілі психолог Ділдә Сақтаған болды.

Аталған іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсыры аясында, "Адырна" және "Ақ тілек" қоғамдық қорының серіктестігінің ұйымдастыруымен өтті. Шараға жұмыссыз жастар, бітіруші студенттер қатысты.

Іс-шараның мақсаты - көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.

Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері туралы сөз қозғалды.



Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында айтылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x