«Жыл волонтерлері»: Жетісулық 13 ерікті жеңімпаз атанды

Dalanews 25 қар. 2022 12:32 305

Ерікті болу ерлікке тең. Бүгінгі қоғамның мұз қатқан құрсауына жылу дарытып жүргендерде, жүрек түкпіріндегі мейірімнің сәулесін тарататындарда қайырымды жандар. Қазіргі заманда ерікті деген атқа ие болған бұл азаматтардың кез келген ортада пайдасы орасан. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындаған болатын. 

Жыл сайын, дәстүрден жаңылмастан Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға үшін арнайы конкурс өткізеді.

Салмағы ауыр, халықаралық деңгейдегі  сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.

Елдегі бас жоба өз мәресіне жетуге таяу. Бүгінгі күні жеңімпаздарда іріктеліп үлгерген. Ал олардың есімдері 5-желтоқсан Халықаралық волонтерлер күніне орай Астана қаласында марапаттау рәсімінде белгілі болады.


Жалпы байқаға тоқталар болсақ, ол екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру.

Екінші кезең – ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды Конкурстық комиссия бағалайды.

Қатысушылар байқауда 15 аталым бойынша бақ сынайды. Әр номинациядан үш үміткер жеңімпаз атана алады.

Конкурстағы номинациялар тізбегі келесідей:

  • «Үздік волонтерлік ұйым»

  • «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»

  • «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»

  • «Үздік әлеуметтік көмекші»

  • «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»

  • «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»

  • «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»

  • «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»

  • «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»

  • «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»

  • «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»

  • «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»

  • «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»

  • «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»

  • «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».


Жоғарыда атап өткендей конукрстың алдын-ала нәтижесі шығарылған. Жетісу облысы 13 номинация бойынша жеңімпаз атанған жайы бар.

– Жетісу облысынан 3 адам «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы» номинациясында, «Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары» бойынша үшеу, «Үздік әлеуметтік көмекшіде» біреу, «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» аталымында біреу, «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» аталымында екеу, «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін» бір адам, «Бейбітшлікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» бір ерікті,  «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясында бір жетісулық өрен жүлдеге ие болды, – дейді “Jetisy jastary” КММ-нің бөлім басшысы Жанерке Бексеитова.


Жеңімпаздардың басым бөлігі облыс орталығы Талдықорған қаласының еріктілері, екі ерікті Кербұлақ ауданынан болса, Көксу және Ақсу аудандарынан бір еріктіден жүлделі болған жайы бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x