Қызылорда облысы әкімінің қатысуымен брифинг өтеді

Dalanews 06 қар. 2014 11:32 211

7 қараша күні Қызылорда өңірінің әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ақпарат құралдарының сауалына жауап береді.

Биыл өңірдің экономикалық дамуында ілгерілеу бар. Нақтылап айтсақ, Қызылорда облысының бюджеті 211,7 млрд. теңгені құрап, 26,5 млрд. теңгеге ұлғайды. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша өңірдегі жұмыссыздық көрсеткіші 5 пайызға дейін азайған. Ал 9 айда салық түсімдері 15 пайызға артқан.
Өңір әлеуметтік салаға қаржы бөлуде де көш бастап тұр. Мәселен, биыл 122 млрд. теңге қаржы қаралған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық.

Мемлекет басшысының Үдемелі индустриалды – инновациялық даму жөніндегі тапсырмасын орындауда аймақта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұдан сырт, өңір өндірісті әртараптандыру ісі жүргізіліп жатыр.

[caption id="attachment_8378" align="alignleft" width="441"]07-09-14-kyzylorda_jatva-1 Өңір ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге барында қолдау көрсетіп отыр. Соның нәтижесінде соңғы екі жыл қатарынан күріштен мол өнім алынды.[/caption]

Атап айтсақ, қараша айында аймақта шыны зауытының құрылысы басталады. Бүгінде біздің ел күнделікті тұрмысқа қажетті шыны бұйымдарды  Қытай, Ресей, Қырғызстан және Түркиядан сатып алады. Жоба жүзеге асқан жағдайда жылына 200 мың тонна шыны шығарылмақ. Зауыт ішкі қажеттіліктің 70 пайызын өтеп, қалған 30 пайыз өнімді Орталық Азияға экспорттамақ.

Соңғы жылдары өңірде  шағын, бірақ жоғары техникалық кәсіпорындар көптеп ашылып жатыр. Оның ішінде, көлік дөңгелектерін қайта өңдеп, резеңке ұнтағын және жерасты суару түтіктерін жасайтын, Қазақстанда бірден-бір иннновациялық өнім – резеңке төсеніш бұйымдарын әзірлеп шығаратын «SmartRubber» (Смарт Раббер) кәсіпорны жұмыс жасауда.

Жақында Шиелі ауданында қиыршық тас зауыты іске қосылса, ас және техникалық тұз өндіретін «Арал тұз» АҚ өндірісін жаңғырту жобалары аяқталды. Сонымен қатар әк өндіретін зауыт алғашқы сынамалық өнімдерін шығарды. Ал алдағы айда өңірде тағы екі жобаның құрылысы аяқталады. Олар: мия тамырын өңдеу зауыты мен құрама жем зауыты.

Бұған қоса, жыл соңына дейін 2,3 млрд.теңге құрайтын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Биылғы жылдың 9 айында облыста 94 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 25 пайызға артық.

Өңір ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге барында қолдау көрсетіп отыр. Соның нәтижесінде соңғы екі жыл қатарынан күріштен мол өнім алынды. Бұл ең алдымен ерте көктемнен қара күзге дейін тынымсыз тер төгетін дихандар еңбегінің нәтижесі. Ал, сол шаруалар Қазақстанда өндірілетін күріштің 90 пайызын қамбаға құйып отыр. Яғни, барлығы 78939 гектар күріш алқабынан астық жиналып, орташа өнім гектарына 50,1 центнерді құрады. Бұл ел тәуелсіздік кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш.

[caption id="attachment_8374" align="alignright" width="436"]7f6e53f563d659540b8cd74381b7cee6  Аймақта 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылуы 90 пайызға жетті.[/caption]

Өңір әлеуметтік салаға қаржы бөлуде де көш бастап тұр. Мәселен, биыл 122 млрд. теңге қаржы қаралған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Осының арқасында, аймақта 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылуы 90 пайызға жетті. «Балапан» бағдарламасы 2020 жылы емес, келер жылы толықтай орындалмақ. Өткен жылы аймақта үш ауысымда білім беру мәселесі түбегейлі шешілді. Ал 2015 жылы апатты жағдайдағы мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Алдағы үш жылда облыстың 70 пайызы көгілдір отынмен қамтылады.

Қазір облыстағы жұмыссыздық деңгейі республикалық көрсеткіштен көп төмен.

Биылғы жылдың 9 айында облыста 94 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 25 пайызға артық.

 Өңір жұртшылығы үшін тағы бір жағымды жаңалық - күні кеше ғана Қызылорда әуежайына «халықаралық әуежай» мәртебесі берілді.  Енді қызылордалықтар Бейжің, Стамбул, Мәскеу, Дубай қалаларына тікелей ұшатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x